Бұл туралы Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді. Al-Araby al-Jadeed басылымына берген сұхбатында ол Иран бұл технологияларға тым көп күш жұмсағанын және одан бас тарту ойда жоқ екенін айтты.
«Біз бұл технологияларға өте көп күш арнадық. Ғалымдарымыз қаза тапты, халқымыз санкцияларға шыдады, бізге соғыс та таңылды. Иранда бұл бағдарламадан ешкім бас тартпайды. Ол әрдайым МАГАТЭ бақылауында болды», — деді Аракчи.