Біз
әлеуметтік
желіде
16-06-25 |
140 рет қаралған
Иран мен Ресей Әли Хаменейді эвакуациялау жағын талқылауда.
Иран мен Ресей Әли Хаменейді эвакуациялау жағын талқылауда

Iran International порталының дереккөзіне сүйенсек, Тегеран шенеуніктері Ресей билігімен Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейді эвакуациялау жоспарын талқылап жатыр.

Келіссөздерге Иран Жоғарғы көшбасшысының аппараты басшысының орынбасары жетекшілік етуде. Хабарламаға сәйкес, Әли Асғар Хеджази Ресейдің жоғары лауазымды шенеунігінің тарапынан «жағдай күрт нашарлап кетсе», Мәскеу Хаменей мен оның отбасы мүшелерін қауіпсіз жолмен эвакуациялауға дайын екені жөнінде кепілдік алған.

Басылым дереккөздері, егер елде ахуал қауіпті деңгейге жетсе, басқа да ирандық жоғары шенділер елден кетуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Еске салайық, Reuters агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп «Исраильдің аятолланы өлтіру жоспарына» вето қойған.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль қорғаныс күштерінің (ЦАХАЛ) Әли Хаменейге қастандық жасағысы келетіні туралы ақпаратты жоққа шығарған еді.

Осыған ұқсас жағдай 2024 жылы орын алған: Башар Асад режимі құлаған соң, биліктен тайдырылған президент Ресейге қашып, Мәскеу оған баспана берген болатын.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.