31-07-24 |
10630 рет қаралған
Иран президентінің инаугурациясына барған ХАМАС басшысын өлтіріп кетті.
Иран президентінің инаугурациясына барған ХАМАС басшысын өлтіріп кетті

Палестиналық ХАМАС тобы саяси жетекшісі Исмаил Хания Тегерандағы резиденциясына Израильдің соққысынан қаза тапқаны хабарланды.

«Ағасы, көшбасшысы, қозғалыс жетекшісі Муджахид Исмаил Хание Иранның жаңа президентінің инаугурациясына қатысқаннан кейін сионистердің Тегерандағы штаб-пәтеріне жасалған шабуылда қаза тапты», – делінген Хамас мәлімдемесінде.

Ханияның қайтыс болғанын Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы да хабарлады.

Корпус веб-сайтындағы хабарламада ХАМАС жетекшісімен бірге оның бір оққағарының да қаза тапқаны айтылған.

Израиль билігі мен әскерилері Ханияның өлімі туралы әлі ештеңе жариялаған жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.