Біз
әлеуметтік
желіде
23-04-25 |
270 рет қаралған
Италия премьері Джорджа Мелони Рим Папасының қайтыс болуына байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды.
Италия премьері Джорджа Мелони Рим Папасының қайтыс болуына байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды

Италияның премьер-министрі Джорджа Мелони Рим Папасы Францисктың қайтыс болуына байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды, деп хабарлады Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

«Италия тарапынан түскен өтінішке сәйкес, Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жоспарланған ресми сапары және «Орталық Азия – Италия» алғашқы саммиті Рим Папасы Францисктың қазасына байланысты өтетін қаралы шараларға қатысуына байланысты кейінге шегерілді. Жаңа мерзімдер тараптармен келісілуде. Уақыты туралы қосымша хабарланады», – деді Желдібай сәрсенбі күні.

Мелонидің Қазақстанға сапары 26–27 сәуірге жоспарланған болатын.

Айта кетейік, Рим Папасы Франциск 21 сәуір күні 88 жасында өмірден өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев понтификтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.