Дүйсенбіге қараған түні израильдік күштердің Бейрутке жасаған соққысынан кем дегенде екі адам қаза тапты, деп хабарлады AFP Ливандағы қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шиеленіс басталғалы қала ішіне жасалған алғашқы соққы – бұған дейін израильдік әскерилер негізінен Хезболла нысандары орналасқан Бейруттың оңтүстік шетіне және Ливанның басқа да аудандарына шабуыл жасаған.
AFP ақпарат көзінің хабарлауынша, Израильдің ұшқышсыз ұшағы ливандық «Әл-Джама әл-Исламия» тобының екі мүшесіне тиесілі пәтерге соққы жасаған. Басқа ақпарат көздеріне сүйенсек, соққыны Израиль әуе күштерінің жойғыштары жасаған.
Куәгерлердің айтуынша, снаряд Бейруттың оңтүстік-батысындағы Кола ауданындағы тұрғын үйдің жоғарғы қабатына түскен. Агенттік дереккөздері екі өлім туралы да айтады.
Израиль қорғаныс күштері бұл хабарларға әлі түсініктеме берген жоқ. Түнде IDF Ливанның шығысындағы Хезболла нысандарына шабуыл жасалғанын хабарлады.