Израильдің шабуылы нәтижесінде Иран қарулы күштерінің үш жоғары шенді қолбасшысы қаза тапты, деп хабарлады Израиль Қорғаныс армиясы және бұл мәліметті ирандық БАҚ та растады.
Бұған дейін Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Хосейн Саламидің қаза тапқаны туралы хабарланған еді. Сонымен қатар, Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы Мохаммад Багери мен КСИР-дің «Хатам аль-Анбия» әуе шабуылына қарсы қорғаныс базасының қолбасшысы Голам Али Рашидтің қаза болғаны расталды.
Бұдан бұрын да Иранның ядролық бағдарламасына қатысы бар кемінде алты ядролық ғалымның көз жұмғаны туралы хабарланған болатын.