
Бұған дейін республика ОСК сайлауға қатысу көрсеткіші 85,7% болғанын мәлімдеген еді.
Беларусь Жастар ұйымдары комитетінің экзитпол мәліметтері бойынша, қазіргі ел президенті Александр Лукашенко мемлекет басшысы сайлауында 87,6% дауыс жинап жеңіске жетті.
Сайлауға бес кандидат қатысты. Либерал-демократиялық партия төрағасы Олег Гайдукевич үшін 1,8% сайлаушы дауыс берген, Анна Канопацкая — 1,6%, Александр Лукашенко — 87,6%. Сергей Сыранков 2,7% дауыс жинаса, Александр Хижняк — 1,2%, ал «бәріне қарсымын» дегендер 5,1% болған.
Әлеуметтік зерттеулерге негізделген сауалнама 320 сайлау учаскесінде жүргізілді. Барлығы 11 948 адам қатысты. Интервьюерлер сайлаушыларға бір ғана сұрақ қойған: «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?».
Сайлау нәтижелерінің алдын ала мәліметтерін ОСК дүйсенбіге қараған түні, 27 қаңтарда жариялайды.
70 жастағы Александр Лукашенко үшін бұл сайлау — президент ретіндегі жетінші сайлауы. Ол 1994 жылдан бері елді басқарып келеді.
-
27.02.2025
-
27.02.2025
-
27.02.2025
-
27.02.2025
-
27.02.2025
-
27.02.2025
-
26.02.2025
-
26.02.2025
-
26.02.2025