24-02-24 |
1390 рет қаралған
ӘКІМ САЙЛАУЫ ҚОҒАМДЫ ҚЫЗЫҚТЫРҒАН ТАҚЫРЫП.
ӘКІМ САЙЛАУЫ ҚОҒАМДЫ ҚЫЗЫҚТЫРҒАН ТАҚЫРЫП

Бүгінде қоғамды ауыл әкімдерінің сайлауы айрықша қызықтаратын тақырыптың бірі екені рас. Өйткені, ауыл әкімдері елмен тікелей жұмыс істейді. Әр ауыл өз көшбасшыларын жақсы біледі. Қарым-қабілетін көріп жүр. Іскер азамат өз ауылдарын басқарса деген тілек көптің көкейінде бұрыннан жүрген болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы    1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс- қимыл кезеңі» атты Жолдауында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін жергілікті тұрғындардың өздері тікелей сайлау мәселесін көтерген болатын. Еліміздің Ұлттық экономика министрлігі орталық мемлекеттік органдармен келісе отырып, мемлекетіміздің кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын әзірлеп, оларды ағымдағы жылғы 26 наурызда Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынған-ды.

Аталған заң жобаларына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, қалың жұртшылық, зиялы қауым өкілдері өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатында екі ай бойы жан-жақты талқыланып, қабылданғаннан кейін барып Мемлекет басшысы оларға қол қойды.  2021 жылдың 4 маусымында аталған заңдар күшіне енді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтері әкімдерін тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктің сайлаушылары тікелей өздері сайлап келеді. 

Жалпы Түркістан облысында 181 ауыл округінің әкімі болса, соның ішінде аудан орталығы болып табылатын 4 қала әкімі бар. Біздің өңірімізде  2021 жылы 68 ауылдық окрук әкімінің сайлауы өтті. Сайланған әкімдердің 97%-ы (66-ы) «AMANAT» партиясының мүшесі. Ал, 2022 жылы 30 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтсе оның 27-і «AMANAT» партиясының мүшесі. Өткен жылы 46 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті. Олардың 42-і, яғни 91,3 пайызы  «AMANAT» партиясының мүшесі болды.

Биылғы І жартыжылдықта облыста 21 ауыл округі әкімінің сайлауы өтеді деп жоспарланған, қазіргі таңға ақпан айында 6 ауыл округі әкімінің сайлауы өтіп, 6 ауылдық округ бойынша 100 пайыз «AMANAT» партиясының мүшелері әкім болып сайланды. Біздің партия барлық сайлауларға да, белсенді қатысып, іскерлігімен көзге түсіп жүрген, тәжірибелі, ел алдында беделі бар  кандидаттарымызды ұсынып келеді. Ел болашағы мықты басшының, бірлігі бекем халықтың, жігерлі жастың, білімді ұрпақтың арқасында ғана жарқын болары сөзсіз.

Халықтың тұрмыс- тіршілігін жақсарту, өмір сапасы мен табысын арттыру мақсатында іске кіріскен «AMANAT» партиясының жүгі ауыр. Бүгінде партия мүшелері әр салада қажырлы еңбек етіп, ел дамуына өз үлестерін қосып келеді. Жүйелі түрде жоспарлар бекітіліп, әртүрлі бағыттарда жұмыстар атқарылуда. Азаматтық қоғам қалыптастыру негізінде халық қалаулылары жұртшылықпен етене араласып, елдегі күрмеулі мәселелерді шешуге тікелей ықпал жасап жатқаны партиямыздың басым бағыттарының бірі десем, қателеспеймін. «АMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Түркістан облысының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын және бюджет мүмкіншілігін ескере отырып, 4 негізгі басымдық айқындалған. Бүгінде осынау айқындалған басымдықтар негізінде елеуліә жұмыстар атқарылып келеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.