arasha.kz

КАDEX-2020 көрмесіне бюджеттен 791 миллионнан астам теңге бөлінеді

фото: Informburo.kz

фото: Informburo.kz

Нұр-Сұлтан қаласында өтетін КАDEX-2020 әскери көрмесіне республикалық бюджеттен 791 миллион теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бұл туралы үкіметтің жобалық қаулысында айтылады, – деп жазады ҚазТАГ.

«VI халықаралық қарулану және технологиялық КАDEX-2020 әскери көрмесіне индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне 2020 жылға арналған республикалық бюджеттен 791 миллион 139 мың теңге бөлінеді» деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.

КАDEX-2020 әскери көрмесін өткізу туралы үкіметтің қаулы жобасы 26 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Exit mobile version