12-08-18 |
4560 рет қаралған
Каспий конвенциясы мемлекеттік шекара мәселесін шеше ме? (аудио).
Каспий конвенциясы мемлекеттік шекара мәселесін шеше ме? (аудио)

Бүгін Ақтауда өтетін V Каспий саммитінде қабылданғалы отырған конвецияның тарихи маңызы зор. Ол аймақтағы күрделі һәм өзекті мәселелерді шешуге жол ашып қана қоймай, Қазақстанның мемлекеттік шекара мәселесін түпкілікті шешуге мүмкіндік береді. Саммит жұмысына қатысып жатқан саясаттанушы Ерлан Қарин конвенцияның мәніне айрықша тоқталы келіп: «Бүгін қол қойылғалы отырған Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенция мемлекеттік шекараның мәселесін толықтай шешеді. Бұл құжаттың тарихи маңызының бір қыры – осы», – деп пікір білдірді.

Сондай-ақ, сарапшы жиырма жылға созылған келіссөз нәтижесінен бес елдің ешқайсысы ұтылмайтынын да атап өтті.

Ерлан Қариннің V Каспий саммиті туралы журналисттерге берген шағын сұхбаты:

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.