Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Төлеген Барлыбаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды.
Сенім грамоталарын табыстау рәсімі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген «Киелі София Киевская» (1037 ж.) ұлттық қорық-мұражайы аумағында өтті.
Қысқа әңгіме барысында қазақ-украин дәстүрлі достық қатынастарының қазіргі жағдайы мен болашағы, сондай-ақ түрлі салалардағы іскерлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды.