Біз
әлеуметтік
желіде
27-05-25 |
1090 рет қаралған
Қазақстан шешен белсендісіне босқын мәртебесін беруі мүмкін.
Қазақстан шешен белсендісіне босқын мәртебесін беруі мүмкін

Шешенстан белсенді Мансур Мовлаевке Қазақстан билігі босқын мәртебесін алу үшін өтініш білдіруші тұлға куәлігін берді.

Мовлаев бұған дейін Шешен билігін ашық сынға алған. Ол отанына экстрадицияланудан қауіптеніп, Қазақстаннан баспана сұраған. 2020 жылы Ресейде есірткіге байланысты айыппен сотталып, 2022 жылы бостандыққа шыққан соң, қудалау жалғасқан. Қолдаушылары бұл істің қолдан ұйымдастырылғанын айтады.

2022 жылы Мовлаев Қырғызстанға қашып, онда шекараны заңсыз кесіп өткені үшін сотталған. Кейін Ресейге экстрадицияланудан қауіптеніп, елден кетіп, Қазақстанға келген.

Бұған дейін Алматыда ұсталып, 40 тәулікке уақытша ұстау изоляторына қамалған. Адвокаттарының айтуынша, Мовлаев Ресейге қайтарылса, өміріне қауіп төнуі мүмкін. Ол Шешенстанда туыстарына қысым жасалып жатқанын да мәлімдеген.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.