arasha.kz

«Кезектен тыс президент сайлауы 16-маусымда өтеді»

Саясаттанушы Ербол Еділов Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 16-маусымда өтеді деп болжайды. Мұндай болжамын ол telegram.org каналында видео арқылы айтып, ол видеоны инстаграм желісіндегі парақшасында да бөлісті.

«Кезектен тыс президент сайлауы 16-маусымда өтеді деп ойлаймын. Екі апта дауыс санауға кетсе, 6-шілдеге дейін жаңа президенттің инагурациясы өтеді» дейді саясаттанушы.

Соңғы кездері қоғамды президент сайлауы қашан болады деген сауал толғандырып, неше түрлі болжамдар айтылып жүр.

Exit mobile version