Ашық үкімет порталында үкімет басшысы Асқар Мәминнің Астана вокзалын Нұр-Сұлтан деп қайта атау туралы қаулысы жарияланды. Қаулы ашық талқылауға ұсынылған. Қаулыда «
Астана теміржол вокзалы «Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы» болып қайта аталсын. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген.
Қоғамдық талқылау 16-сәуірге дейін жалғасады.
Естеріңізге салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздың 20-да президент қызметіне кірісе сала Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп атауды және облыс орталықтарындағы басты даңғылдарға тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтыі атын беру туралы ұсыныс айтқан еді. Оның ұсыныстары іске асып, Астана Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгерді. Және облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге де Назарбаевтың аты берілді.
Н.Назарбаев наурыздың 19-да президенттік өкілеттілігін тоқтату туралы шешімін тікелей эфирде жария еткен еді.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024