Журналистер Сенат спикерінен алдағы күзде кезектен тыс парламент сайлауы өтуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме беруін сұрады.
Сұраққа жауап бере отырып, Мәулен Әшімбаев парламенттің сәтті заң шығарушылық жұмысына назар аударды. Оның айтуынша, қазіргі таңда кезектен тыс парламент сайлауын өткізуге ешқандай негіз жоқ.
– Ондай әңгімелер көп жүріп жатыр деп айта алмаймын, бірақ біреулер сондай ақпарат таратып жатқан шығар. Қазіргі уақытта біздің күн тәртібімізде ауқымды заңнамалық жұмыс бар, сондықтан кезектен тыс сайлау өтеді деуге негіз жоқ, – деді Әшімбаев.