Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия – Қытай» саммитінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Бейжің Орталық Азия елдеріне жалпы көлемі 1,5 миллиард юань болатын грант беретінін мәлімдеді.
Қытай гранттары қайда жұмсалады?
– Қытай Орталық Азия елдерінің халқының әл-ауқатын арттыруға және олардың тәуелсіз даму жолын қолдауға бағытталған маңызды жобаларды іске асыру үшін 1,5 миллиард юань көлемінде өтеусіз грант бөлуге дайын, – деді Си Цзиньпин Астанадағы саммит барысында.
Сонымен қатар, оның айтуынша, алдағы екі жыл ішінде Қытай Орталық Азия елдерінің азаматтарына кәсіби дайындық курстарына қатысу үшін 300 квота бөлуді жоспарлап отыр.