09-11-21 |
1130 рет қаралған
Лавров: Қазақстанда орыс тілді азаматтарға төзімсіздік бар.
Лавров: Қазақстанда орыс тілді азаматтарға төзімсіздік бар

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда орыстілді азаматтарға қарсы ксенофобия бар деп мәлімдеді. Бұл туралы «Российская газетада» жарияланған мақаласында айтады.

«Өкінішке қарай, кейінгі кезде Қазақстанда орыс тілінде сөйлейтіндерге қатысты бірқатар резонансты ксенофобия көрінісіне куә болдық. Көп жағдайда жекелеген жағдайлар шет аймақтағы ұлтшылдық пен Ресеймен қарым-қатынасты қолдамауға бағытталған арнайы ақпараттық әдіс-тәсілдің нәтижесі. Ол үшін СІМ, құқық қорғау және әділет органдары, сонымен бірге президент әкімшілігі арқылы тікелей коммуникация арналарын пайдаланамыз. Екі елдің үкіметтік емес секторлары, сараптамалық және журналистік қауымдастықтар арасында қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр»,-деп жазады Лавров.

Азаматтық белсені Қуат Ахметовтің ісінен кейін орыс баспасөзінде Қазақстанда орыстілді азаматтарға тілдік тұрғыдан қысым бар десіп, ақпараттық науқан жүргізген еді. Бірқатар саясаткерлері де осы сипатта сөз айтқан. Қазақстан үкіметі Қуат Ахметовтің үстінен «алауыздық» бойынша іс қозғап, ол елден кетуге мәжбүр болған. Кейін әлеуметтік желіде блогерлер Қазақстанда орыстілді азаматтарға қысым жоқтығы туралы видеосұхбаттар, жазбалар жариялады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.