11-12-19 |
950 рет қаралған
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтпек.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтпек

фото: tarlan.kz

20 желтоқсанда ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтпек. Бұл туралы президенттің кеңесшісі, кеңес хатшысы Ерлан Қарин хабарлады.

Биыл президент сайлауынан кейін құрылған ұлттық қоғамдық сенім кеңесі алғашқы отырысын күзде өткізген еді. Онда ең басты мәселе – саяси реформалар жасау туралы сөз болған. Кеңестің саяси мәселелер жөніндегі тобынан саясаттанушы Айдос Сарым баяндама жасаған еді.

Кеңеске қоғам тарапынан сын көп айтылып келеді. Кеңесте айтылған дүниелердің нақты шешілетініне күмән көп болғанмен, оған үмітпен қарайтындар да бар.

Осы уақытқа дейін кеңестің бірқатар мүшелерін президент қабылдады.

Бұл жолғы отырыста нендей мәселелер сөз болары әзір белгісіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.