arasha.kz

Мұхтар Тайжан саяси партия құруы мүмкін

Экономист, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан саяси партия құру ойы бар екенін жазды.

«Қазір біраз белсенділер партия құрамыз деп жатыр. Бұл дұрыс я табиғи нәрсе деп білем. Елімізде көп партия болуы қажет. Бізден үш есе халқы аз Қырғызстанның өзінде 200 астам партия бар. Ал бізде не бары 6-7 партия ғана….
Сондықтан партия құруды мен өз басым құптаймын, дұрыс. Заң жүзінде бұндай мүмкіндік ашылса біз де достарыммен бірге партия ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Саяси бәсекелестіктің арқасында ғана қоғам дамиды», – деп жазады Мұхтар Тайжан.

Exit mobile version