arasha.kz

Максим Рожин Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев әріптестеріне қоғаммен байланыс және сыртқы коммуникация жөніндегі кеңесшісі Рожин Максим Николаевичті таныстырды.
Максим Рожин 1983 жылы Алматы облысында туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында өскен. Білімі жоғары. Еңбек жолында республикалық телеарналардың қазақ редакциясында жаңалықтар жүргізушісі, корреспондент және түрлі телевизиялық жобаларға қатысып, соңғы 5 жылда сыртқы коммуникация мен PR саласында мемлекеттік компаниялар мен халықаралық жобаларда абыройлы еңбек еткен. ТМД Парламентаралық ассамблеясының «Баспа және ақпаратты дамытуға қосқан еңбегі үшін» төсбелгінің иегері.
Жаңа кеңесшінің міндетіне қоғаммен байланыс және сыртқы коммуникация мәселесін дамытуға қажетті ұсыныстар мен мардымды іс шараларды іске асыру жүктеліп отыр.

Exit mobile version