Президент Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа жолдау жасағанда премьер-министр Мәминге азық-түлік бағасын реттеу мәселесі бойынша бір ай уақыт берген. Бір ай өтті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік проблемасы шешілген жоқ. Мәмин әлі отыр.
Мәселен, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 9,6 % қымбаттаған. Осы көрсеткіштің өзі Мәмин үкіметінің азық-түлік бағасымен күресте жеңілгенінің бір дәлелі.
Мәмин отставкасы жазда картоп пен сәбіз тапшылығы болғанда айтыла бастаған. Одан соң Маңғыстау облысындағы жұтта да Мәминнің отставкаға кету керектігін сарапшылар және айтқан. Бұл аз болғандай, даулы СБЕР меморандумына да Мәмин қол қойған.
Бірақ президент Тоқаев Мәминге уақыт беруден әріге бара алмай отыр.
Президенттің премьер-министрге шамасы келмеуінің бірі сыры – қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев та жатыр. 2019 жылы 9 қазанда президент Тоқаев №184 жарлық шығарған. Сол жарлық бойынша президент министрлер мен әкімдерді тағайындауды қауіпсіздік кеңесінің келісімімен жүзеге асырады. Біздің ше, Тоқаевтың Мәминге шамасы жетпей отыруының сыры осында. Яғни, үкіметті отставкаға жіберуді Ақорда ұсынғанымен «Кітапхана» келісім бермей отыр дегенге келеді. Ал Мәминнің Назарбаевтың кадры екені баяғыдан мәлім.
Мәмин отставкаға кетпей жатып, оның орнына кім келеді деген сауал шыға бастады. Мысалы, саясаттанушы Данияр Әшімбаев телеграм каналында «Келесі премьер-министр кім болады?» деп сауалнама жасаған. 21% жасырын дауыспен Әсет Исекешев озып тұр әзірге. Исекешев қазір президенттің көмекшісі әрі қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. Екі жаққа ортақ адам…
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024