15-01-25 |
400 рет қаралған
Мәскеу мұражайында советтік репрессия туралы бөлім алынып тасталды.
Мәскеу мұражайында советтік репрессия туралы бөлім алынып тасталды

Бұл туралы журналист Ксения Басилашвили өзінің Telegram арнасында хабарлады.

Ол екі фотосурет жариялады. Біріншісі – «Мәскеу тарихы» экспозициясын монтаждау кезінде түсірілген, онда интерьер заттары «Репрессиялар» деген тақырыппен мәтінмен бірге көрсетілген. Ал екіншісі – 20 желтоқсанда келушілерге ашылған көрмеден түсірілген, онда бұл мәтін жоқ.

Басилашвилидің айтуынша, көрмедегі репрессиялар туралы мәтіндерді ГУЛАГ мұражайының қызметкерлері дайындап, кейін оларды Мәскеу мұражайының ғылыми кеңесі бекіткен.

«Алайда сырттан мәтіндерді түзету туралы өтініш түсіп, көп ұзамай тек мәтіндерді ғана емес, дайын тұрған «Репрессиялар» бөлімін түгелімен алып тастау талабы пайда болды», – дейді журналист.

Мәскеу мұражайының бас директоры Анна Трапкова 2024 жылдың қараша айында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына байланысты ресми түрде жұмысын тоқтатқан ГУЛАГ мұражайын 2025 жылдың 21 қаңтарынан бастап басқаратыны белгілі болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.