Біз
әлеуметтік
желіде
26-06-25 |
480 рет қаралған
Мәулен Әшімбаев Назарбаев пен Путиннің кездесуі туралы: экс-президенттің ешқандай өкілеттігі жоқ.
Мәулен Әшімбаев Назарбаев пен Путиннің кездесуі туралы: экс-президенттің ешқандай өкілеттігі жоқ

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен Кремльдегі кездесуіне қатысты пікір білдірді.

«Тұңғыш президенттің Мәскеуге сапары жеке сипатта болды. Оның ешқандай ресми мәртебесі болмады. Тұңғыш президенттің ешқандай мәртебесі де, өкілеттігі де жоқ. Мемлекеттік саясатты, еліміздің сыртқы саяси стратегиясын жүзеге асыруға қатысты барлық мәселелерді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырады», – деді Әшімбаев сенат кулуарында.

Сенат спикері экс-президенттердің басқа елдердің саясаткерлерімен кездесіп, сапар жасауға құқығы бар екенін атап өтті.

«Барлығы жеке шаралар аясында өтеді», – деп түйіндеді Әшімбаев.

Еске салайық, 29 мамырда Назарбаев Кремльде Путинмен кездескені хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 3 қаңтарда «Ana tili» газетіне берген сұхбатында Назарбаевтың отставкадан кейін саяси әдептілікті сақтамағанын ашық мәлімдеген еді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.