Мажарстанның прьемер-министрі Виктор Орбан Қазақстанға ресми сапармен келді. Оны бірінші президент Н.Назарбаев қабылдады. Қабылдау кезінде Орбан: «Біз Сізді Мажарстанның нағыз досы санаймыз. Сондықтан, біздің елге шақыруымды қабыл алсаңыз, біз үшін зор мәртебе болар еді» деп Н.Назарбаевты Мажарстанға шақырды. Қазақстанның бірінші президенті өз кезегінде Орбанға: »
«Сіз біздің елге өте ерекше кезеңде келіп отырсыз. Қазақстанның Мажарстанға және Өзіңізге деген ілтипаты зор. Сіз – өзіндік ұстанымыңыз бар Еуропа саясаткерісіз» деп ілтипат білдірген.
Бұдан соң Виктор Орбан президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Кездесуде екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдардың негізгі басымдықтары белгіленгенді.
«29-30 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Стратегиялық кеңестің 3-отырысының жұмысына қатысу үшін Мажарстан Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варга бастаған бизнес өкілдерінің сапары жоспарланған. Бұл кездесу сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестігімізді одан әрі кеңейтуге септігін тигізеді» деді Қ.Тоқаев.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024