«Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов «Жасылдар» партиясын құратынын мәлімдеді. Эколог бұл мәлімдемесін 13 ақпанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Елеусізовтің айтуынша, Қазақстан экологиясын жақсартуға билік тарапынан ешқандай талпыныс жоқ әрі экологиялық заң да әлсіз.
– Заң дұрыс шықпайды. Парламентте партиялардың монополиясы орнаған. Сол үшін парламенттің ішінде заңды түрде қарсылық көрсететін партия болу керек. Саясатсыз, партиясыз ешқашан ештеңе істей алмаймыз, – дейді ол
Мэлс Елеусізов «бұған дейінгі партия құру туралы талпыныстарынан нәтиже шықпағанын» айтты. Елеусізов 2008 жылы алғаш рет «Жасылдар» партиясын құратынын айтқан. Кейін 2011 жылы парламент сайлауы қарсаңында тағы бір рет экологиялық партия құратынын, сол партиямен сайлауға қатысатынын мәлімдеген.
Эколог 2005 президент сайлауына түскен. Ал 2015 жылы президент сайлауына кандидатурасын ұсынып, кейін қайтып алған. Елеусізов екі ретте де өзін-өзі ұсынған. Ал Қазақстанда соңғы өзгерген «Сайлау туралы заң» бойынша президент сайлауына кандидаттар өз-өзін ұсына алмайды, сайлауға қандай да бір қоғамдық бірлестік атынан түсуі тиіс.
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
27.11.2024