arasha.kz

«Мемлекет ондайды кешірмейді». СІМ Тина Канделакиге қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр «Қазақстанда орыс тілі мемлекеттік деңгейде шеттетіліп жатыр» деген ресейлік журналист Тина Канделакидің әрекетіне қатысты пікір білдірді.

«Елімізге қатысты теріс пікір білдірген әрбір шетел азаматына жауап бере беруге уақытымыз жетпейді. Өзіміздің ішкі жұмысымыз көп, соған көңіл бөлейік. Өкінішті мәселе, көрші елдің азаматтары біздегі жағдайдан бейхабар. Біздің ел жайлы ақпарат оларда дұрыс емес. Ойдан шығарып жаза бергенше қалай өмір сүріп жатқанымызды елімізге келіп көрсін», – деді А. Смадияр.

Сонымен қатар ол арандатушылық әрекетке баратын шетелдік азаматтарға қандай шара қолданылатынын да айтты.

«Қара тізім әрбір мемлекеттің ішкі шарасы. Сізге біреу ұнамаса, өз үйіңізге кіргізбейсіз ғой. Тура сол сияқты біз де кіргізбейміз. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Тина Канделаки Қазақстанға келген жағдайда кірмейді», – деді ресми өкіл.

Exit mobile version