Астана мемлекеттік қызмет хабы мемлекеттік сектордағы басқару жүйесі сапасын бағалау бойынша семинар ұйымдастырды. Оған Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі, Есеп комитеті және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауға жауапты министрліктер қызметкерлері қатысты.
Семинарға қатысушылар мемлекеттік органдар жұмыс сапасын бағалаудың еуропалық жүйесі – Common Assessment Framework (CAF) – танысты. Осы жүйеге сәйкес мемлекеттік органдардың ең жақсы көрсеткіштері мен азаматтардың мемлекеттік қызметтер сапасына қанағаттануының артуына тиімді басқару, айқын стратегия, нақты жоспарлау, серіктестікті дамыту және қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.
Семинар жұмысын аша отырып, Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов мемлекеттік органдар нәтижелігін бағалау тиімді мемлекеттік қызмет құруда маңызды құралдарының бірі екенін атап өтті. «Бағалаудың мемлекеттік органдар қызметін жетілдіруге серпін беріп, ынталандыруы маңызды», – деді ол.
Семинардың тренері австриялық CAF орталығының жетекшісі Томас Пророк CAF өзін-өзі бағалау жүйесінде жетекшілер мен қызметкерлер өз ұйымдарының тиімділігін өздері бағалайындығын айтты. Жүйенің өзіндік ерекшелігі ретінде әдістемені мемлекеттік басқару саласының тәжірибелі мамандары әзірлегенін жеткізді. Оның айтуынша, Австрияда CAF енгізген ұйымдардың 70 пайызы мемлекеттік қызметтер сапасы жақсарғанын және азаматтар қажеттіліктерін түсінгендерін білдірген. Қазіргі уақытта Еуропада 40 мыңға жуық CAF пайдаланушы ұйымдар бар.
Босния және Герцеговина Федерациясының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тренинг департаментінің бастығы Люка Самра CAF жүйесін іс жүзінде қолдану тәжірибесімен бөлісті және семинарға қатысушылармен жүйенің қазақстандық жағдайға бейімдеу мүмкіндігін талқылады.
Семинар ҚР Президенті Әкімшілігі және Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп ұйымдастырылды.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024