17-03-25 |
410 рет қаралған
Михаил Саакашвилиге тағы 4,5 жыл жаза кесілді.
Михаил Саакашвилиге тағы 4,5 жыл жаза кесілді

Михаил Саакашвилиге шекараны заңсыз кесіп өткені үшін 4,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот шешімі туралы «ТВ Пирвели» және «Мтавари» телеарналары хабарлады. Грузияның бұрынғы президенті үшін бұл төртінші үкім болып отыр.

БАҚ мәліметінше, Саакашвили 2021 жылдың күзінде сегіз жылдық үзілістен кейін Грузияға жасырын оралған кезде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен деп танылды.

Сот шекараны заңсыз кесіп өту ісі бойынша мерзімді саясаткерге басқа істері үшін тағайындалған жазаға қосты. Енді ол жалпы 12,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өткен аптада Михаил Саакашвили мемлекет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген айыппен тоғыз жылға сотталған болатын.

Саакашвили 2021 жылдың 1 қазанынан бері қамауда отыр. Грузияда оған бірнеше қылмыстық іс бойынша айып тағылған. Қазір Тбилисиде 2007 жылы өткен митингіні тарату және «Имеди» телекомпаниясын басып алу ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Саакашвили өзіне тағылған барлық айыптарды және шығарылған үкімдерді саяси астары бар деп санайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.