arasha.kz

Министрлік: баспанаға мұқтаж көп балалы отбасыларды тұрғын-үймен қамтамасыз ету күшейтіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өрттен бес баласы қайтыс болған отбасына көңіл айтты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлік хабарлады.

«Өте ауыр жағдай. Жойқын өрттің салдарынан орын алған қайғылы жағдай баршамыздың қабырғамызды қайыстырып отыр. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымы қара жамылған отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады» делінген министрлік таратқан хабарда.

Сондай-ақ министрлік баспанаға мұқтаж көп балалы отбасылардың әлеуметтік жағдайын, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі күшейтілетінін де мәлімдеген.

«Бүгін Министрлікте халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелерін жүзеге асыратын облыстардағы, Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы жергілікті атқарушы орган өкілдерімен жиналыс өтті. Министрлік жергілікті атқарушы органдарға баспанаға мұқтаж көп балалы отбасылардың әлеуметтік және тұрғын-үй жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерін бақылауды күшейтуді тапсырды» деп хабарлайды министрлік.

Exit mobile version