18-03-19 |
1780 рет қаралған
Экс-министрдің жаңа қызметі.
Экс-министрдің жаңа қызметі

Бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне кіріседі. Сондай-ақ, басқа да бірнеше дипломат бүгін Президент Н. Назарбаевтің жарлығымен қызмет ауыстырды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

«Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне;

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды» деп жазылған Ақорда сайтында.

Сондай-ақ:

«Қайрат Пернешұлы Қожамжаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметінен босатылды;

Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бахрейн  Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды» деп хабарланған Ақорда сайтында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.