arasha.kz

Н.Назарбаев: Көп балалы отбасыларындағы әр балаға 21 мың теңгеден жәрдемақы берілсін

фото: Sputnik / Владислав Воднев

фото: Sputnik / Владислав Воднев

Астанада “Нұр Отан” партиясының XVIII съезі өтіп жатыр. Съезде барысында президент Н.Назарбаев көп балалы отбасыларындағы әр балаға 21 теңгеден жәрдемақы беруді тапсырды.

«Мүгедек бала асырап отырған ата-аналарға берілетін жәрдемақыны 30% өсіруді тапсырамын. Бұл 100 мың адамды қамтиды. Биыл атаулы әлеуметтік көмек берілетін адам саны 830 мың қамтиды, ал оның 550 мыңы балалар. Іс-шараны іске асыру үшін қосымша 2019-2021 жылдарға 300 миллиард теңге бөлуді тапсырамын – деді Назарбаев. Сондай-ақ, президент әкімдерге көп балалы әр үйге баруды және жауапты мекемелерге жәрдемақы алуды жеңілдетуді тапсырды.

– Сондықтан мемлекеттің айрықша қамқоры бірінші кезекті табысы төмен көп балалы отбасыларға жасалуы тиіс.Табысы төмен отбасылар қамту критериін 70% ұлғайтуды тапсырамын. Ал атаулы әлеуметтік көмек алатын көп балалы отбасыларындағы әр балаға 21 мың теңге тағайындалсын, – деді президент.

Сонымен қатар президент бюджет қызметкерлерінің жалақысын да 30 пайызға өсіруді тапсырды.

 

Exit mobile version