Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев Қытай астанасы Бейжиңде өтіп жатқан «Бір белдеу – бір жол» екінші халықаралық ықпалдастық форумына қатыстып жатыр, деп хабарлайды Ақорда.
Форум ашылуында сөз сөйлеген Н.Назарбаев «Қазақстан соңғы он жыл ішінде инфрақұрылымды, көлік-логистика активтерін және құзыреттілікті дамытуға шамамен 30 миллиард доллар инвестиция салды. 3 мың шақырымға жуық ұлттық теміржол желісі және 12,5 мың шақырым автомобиль жолдары салынды немесе қайта жөндеуден өтті. Еліміздегі теңіз және әуе порттары жаңғыртылды. Нәтижесінде қысқа мерзім ішінде біздің елде заманауи және бәсекеге қабілетті транзиттік хаб құрылды» деді.
Бірінші президент сондай-ақ, әлемдік саясаттағы жаңашылдықты да сөз еткен.
«Әлемдік саясаттағы жаңаша ойлау барлық елдердің мүдделерін жұмылдыруға бағытталған менің G-Global идеяммен үндеседі, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024