23-04-19 |
3710 рет қаралған
Н.Назарбаев: Ол менен бір мүшел жас кіші.
Н.Назарбаев: Ол менен бір мүшел жас кіші

Нұр-Сұлтан қаласында «Нұр Отан» партиясының съезі өтіп жатыр. Съезде партия төрағасы, қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы Н.Назарбаев кезектен тыс президент сайлауына партия атынан қазіргі президент Қ.Тоқаевты үміткер ретінде ұсынды.

Назарбаев өз сөзінде Тоқаевтың дипломатиялық қызметтегі жетістіктерімен қатар, ел ішінде атқарған қызметтерінде мол тәжірбие жинағанын айтып, ел басқаруға лайық тұлға деп есептейтінін де атап өтті.

«Ол маған осы жылдар ішінде сенімді серік болып, еліміздің дамуына қатысты ұстанымды қолдап келеді» деген Назарбаев Тоқаевтың өзінен жас кіші екенін де айтты.

«Ол менен бір мүшел жас кіші. Айналамыздағы осы күні ел басқарып отырған көршілеріміздің [көрші елдер президенттері -ред]» құрдасы және де замандасы болып саналады. Жұмыс істеуіне ыңғайлы», – деді ол.

Н.Назарбаев съезд делегаттарын бірауыздан Тоқаевтың кандидатурасынан қолдау көрсетуге шақырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.