30-01-19 |
3170 рет қаралған
Нұрсұлтан Назарбаев: Бәріміз бірдеңе жасап жүргендейміз, бірақ нақты жұмыс жоқ.
Нұрсұлтан Назарбаев: Бәріміз бірдеңе жасап жүргендейміз, бірақ нақты жұмыс жоқ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында үкіметтің жұмысын сынады. Бұл туралы Sputnik жазады.

Сайттың жазуынша, президент тек соңғы үш жылда банкроттықтың алдында тұрған кәсіпорындар саны шамамен 2 есеге өскенін айтқан. 

«Банк ақша бермейді деп шулайсыңдар, ал ол кімге береді? Барлық жерде  кәсіпорындар банкрот. Ешкім кепілдік бере алмайды, ешкім ақшаны қайтара алмайды. Кімге береді, қайтарып беретін адамдар жоқ. Қазір осы берешек 4 триллион теңгеден асады», — деді Н.Назарбаев. Осылай деп үкіметтің банк секторындағы жұмысын сынаған президент: «Мәселен, банк құрылады, жұмыс істей бастайды, адамдар сеніп, ақшасын сақтайды. Квазимемлекеттік сектор ақшасын құяды. Содан кейін акционерлер сол ақшаны шетелге шығарып, ұрлай бастайды. Бізде оларды түрмеге қамайтын заң жоқ. Бүкіл әлемде солай. Бәрі қашып кетеді, біз артынан жүгіреміз», — депті.

Сөйтіп, президент Ұлттық банк пен үкіметке акционерлердің өз банкін тонап, қашып  кетпеуін қадағалауды тапсырды. 

«Банкроттық институты нарықтық елдерде кең таралған құбылыс. Сендер министр емес, бар болғаны қорқақсыңдар. Аяқ-қолдарың дірілдеп, шешім қабыдай алмайсыздар? Сонда не үшін жұмыс істеп жүрсіңдер? Барлық банктерді тазартыңдар, сонда мен бұл үкімет өз міндетін адал орындады деп санаймын, сосын осымен отставкаға кетіңдер. Міне, сонда бұл нағыз жұмыс болады», – деп ашуланған президент: «Бәріміз бірдеңе жасап жүргендей қол сілтейміз, бірақ нақты жұмыс жоқ. Премьер-министр жеке бақылауына алсын. Бұл мәселені шешсін. Мен «кетіңдер» деп жай айттым. Ешқайда кетпеңдер, жұмыстарыңды істеп, беріңдер» деп үкімет мүшелерінің тыныштандырыпты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.