Солтүстік Атлантикалық альянс (НАТО) елдері Ресей мен Қытайдан қауіп төніп тұрған кезде өздерінің ядролық арсеналдарын нығайту үшін келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.
The Telegraph газетіне берген сұхбатында Столтенберг НАТО-ға «өзінің ядролық арсеналын әлемге көрсетуі керек» деп ұсынды. Осылайша, ол альянстың ықтимал қарсыластары нақты хабар алады деді.
Қазір НАТО-ға мүше елдер қоймада тұрған зымырандарды жауынгерлік әзірлікке келтіру мәселесі бойынша консультациялар жүргізуде. Бұл әскери блоктың өз қарамағындағы барлық тежеу күштерін пайдалануға дайын екендігінің белгісі болмақ.
«Мен қанша ядролық оқтұмсықтың дайындықта болуы және қаншасы қоймада күту керектігі туралы егжей-тегжейлі айтып бермеймін, бірақ біз бұл мәселе бойынша кеңесуіміз керек. Міне, дәл қазір біз соны талқылап жатырмыз», – деді Йенс Столтенберг.
Альянстың Бас хатшысы ядролық қару күн сайын қауіпті болып бара жатқан әлемде НАТО стратегиясының «ірге тасы» екенін атап өтті.
«НАТО-ның мақсаты, әрине, ядролық қарусыз әлем. Бірақ мұндай қарулар бар болса, біз ядролық одақ болып қалуымыз керек, өйткені Ресей, Қытай және Солтүстік Корея ядролық қаруы бар, ал НАТО-да ол жоқ болса, әлем әлдеқайда қауіпті болар еді», – деді Столтенберг.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024