Нұрсұлтан Назарбаевқа «құрметті сенатор» атағын беруді депутаттар бірауыздан қолдады. Сөйтіп, парламенттің жоғарғы палатасы – сенат Нұрсұлтан Әбішұлына «құрметті сенатор» атағын беруді мақұлдады.
Қазақстанның бірінші президентіне мұндай атақты беруді қазіргі президент Қ.Тоқаев 20-наурызда қызметке кірісіп, ант қабылдай сала ұсыныс ретінде айтқан еді. Міне, президенттің бастамасын депутаттар қуана қолдап, іске асырды.
Қазіргі кезде Н.Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы қызметтерін атқарып отыр.
Н.Назарбаев 19-наурызда өз еркімен президент қызметінен кеткен.