19-03-19 |
13160 рет қаралған
Назарбаев биліктен кетерден бұрын, 19 науыз күні түсте Путинмен сөйлескен.
Назарбаев биліктен кетерден бұрын, 19 науыз күні түсте Путинмен сөйлескен

Ресей президенті Владимир Путин 19 наурыз түсте Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады. Олардың не туралы айтқаны әзірге белгісіз​.

19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми БАҚ арқылы мәлімдеме жасап, биліктен кететінін жариялады.

Қазақстанды 30 жыл басқарған 79 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдемесінде «Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер. Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­- оңай шешім емес» деді.

Назарбаев «сайлау кезінде сенген, дауыс берген» халыққа алғыс айтты. Ол «Нұр Отан» партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін мәлімдеді.

Назарбаев сайлауға дейін уақытша президент қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты. Тоқаев 20 наурызда ант қабылдайды.

Azattyq.org

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.