Экс-президент Н.Назарбаев референдумға шығарылған конституциялық өзгерістерге дауыс берді.
Астанадағы опера және балет театрында орналасқан сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген Назарбаев өткенде шыққан сұхбатында Тоқаевты қолдайтынын, референдумға баратынын айтқан еді.
Референдумға шығарылып, өзгеріс енген жаңа конституцияда Назарбаевтың мәртебесі алынып тасталған (91 бап, 2 тармақ). Осыған сәйкес жаңа өзгерістер күшіне енген жағдайда «Елбасы – Тұңғыш президент» туралы конституциялық заң күшін жоймақ.