arasha.kz

Назарбаев көмекшісін өз атындағы орденмен марапаттады

фото: elbasy.kz

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, елбасы, экс-президент Н.Назарбаев мемлекеттік наградалар табыс етті. Бұл туралы елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев өз атындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен өзінің көмекшісі Абай Бисембаевті марапаттаса, Елбасы Кеңсесінің Басшысы Махмуд Қасымбековты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған.

Кеше президент Тоқаев көптеген адамдарды мемлекеттік орден-медальдармен марапаттаған еді. Президенттің кімдерді қандай наградалармен марапаттағанын мына жерден оқисыз.

Exit mobile version