arasha.kz

Назарбаев: Әлемдік экономика құлдырағанда қиындықты ұлттық қордың арқасында айналып өттік

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаев әлемдік экономиканың неше пайызға құлағанын және бұл жағдайды Қазақстан қалай айналып өткенін айтты.

«Пандемияға және соған байланысты әлемдік экономиканың 4,4 процентке, кейбір дамыған елдерде 10 процентке құлдырағанына қарамастан, біз тиімді жұмыстың және Ұлттық қор қаражатының арқасында мұндай күрделі жағдайларды айналып өте білдік», – деді ол «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысында.

Экс-президент әрі Елбасы – Қазақстанның тұңғыш президенті конституциялық мәртебесі бар Н.Назарбаев өз басқаратын биліктегі «Нұр Отан» партиясы соңғы бес жылда партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын да мәлімдеді.

«Біз алғаш рет праймериз өткіздік. Соның нәтижесінде аудан, қала және облыс деңгейіндегі іріктеулерден өткен 77 кандидат Саяси кеңестің шешімімен Съезге ұсынылып отыр. Бүгін праймериз тәртібіне сәйкес, қалған 49 кандидатты орталық квота бойынша партиялық тізімге қосу жөнінде шешім қабылдаймыз. Халықтың қатысуымен 216 өңірлік сайлауалды бағдарлама жан-жақты талқыланып, қабылданды. Онда жұртшылық тарапынан келіп түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді, – деді партия төрағасы»

Бюро мен саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттан құралған тізім «Nur Otan» партиясының ХХ съезіне ұсынылмақ.

фото: elbasy.kz

Exit mobile version