Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық ынтымақтастық форумының сессиясында сөйлеген сөзінде қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге төтеп берудің жолдары туралы айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Назарбаев өз сөзінде әлемдік экономикада сауда текетіресі, санкциялық соғыстап пайда болғаны айтқан. Сөйтіп, «Үш Д» ахуалын қалыптастыруды ұсынған.
«Біз геосаясат пен геоэкономикада кейінге қалдыруға болмайтын міндеттерді шешуге септігін тигізетін жаһандық архитектураны қалыптастыру ісіне алдағы уақытта да атсалыса береміз. Менің ойымша, мұны «Үш Д» жаңа ахуалын қалыптастыру арқылы жүзеге асыруға болады. Мұны «Үш диалог» жүргізу қажеттігі деп түсінген жөн. Біріншісі жаһандық деңгейді қамтиды. Бұл – АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропа одағы арасындағы диалог.
Үшінші диалог – бұл Еуразия экономикалық одағы, Еуропа одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Оңтүстік Шығыс Азия елдері қауымдастығы арасындағы жүйелі экономикалық диалог. Осындай форматтағы экономикалық кооперацияны дамыту арқылы, біріншіден, елдеріміздің дамуына және азаматтарымыздың әл-ауқатының артуына зор серпін береміз. Екіншіден, экономиканы әртараптандырудың жаңа көздерін ашуға, бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға, бизнес ахуалын жақсартуға және мемлекеттердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жағдай жасалады. Үшіншіден, Үлкен Еуразияның жаһандық рөлін арттыруға мүмкіндік туындайды , – депті ол «Бір белдеу – бір жол» форумында.
Сондай-ақ, Назарбаев үш диалог «Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық ынтымақтастық форумын қатысушылардың бәрінің де мүддесін көрсетеді деп атап өткен.
arasha.kz
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024