Мәжіліс депутаты Қанат Нұров Н.Назарбаевтың өкілеті туралы конституциялық заңдарға өзгеріс енгізіліп, мәжіліс өзгерістерді мақұлдап, сенатқа жолдағаны туралы жазды.
«»Тұңғыш президент – елбасы», «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы», «Қауіпсіздік кеңесі туралы» конституциялық заңдарға қажетті өзгерістер енгізіліп, сенатқа жіберілді»- деп жазады депутат.
Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев әулеті мүшелері қызметтерінен кетті. Ұзақ үнсіздіктен кейін Назарбаевтың өзі кеше үндеу жасап, зейнеткер екенін мәлімдеді.