Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұхбат берді.
Бұл елбасының президент қызметінен кеткен кейінгі мемлекеттік арнаға берген бірінші сұхбаты. Сұхбатта Нұрсұлтан Әбішұлы отанын сатқандар, шетелге қашқан ұрылар, қос билік туралы қауесет, неге Тоқаевты таңдағанын айтады. Сондай-ақ, жастарға арандатуға ермеуге қандай кеңес бергенін көре аласыз.