04-02-19 |
7440 рет қаралған
Президент Конституциялық кеңестен президент қызметінің тоқтатылуына қатысты түсіндірме сұрады.
Президент Конституциялық кеңестен президент қызметінің тоқтатылуына қатысты түсіндірме сұрады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңестен Конституциядағы «президент өкілетінің тоқтауы туралы 42-бабы 3-тармағын түсіндіруді» сұрады. Бұл туралы ақпарат Конституциялық кеңес сайтында жарияланды. Онда «2019 жылғы 4 ақпанда Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде» делінген.

Кеңес президент өтінішін қабылдаған.

Конституцияның 42-бабы 3-тармағында «президент өкілеттігі жаңадан сайланған ел президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы президенттерінің бәрі, қызметінен кетірілгендерден басқасы, Қазақстанның экс-президенті деген атағы болады» деп жазылған.

Конституциялық кеңес заң бойынша өтінішті түскен күннен бастап үш ай ішінде қарайды. Егер мәселе кейінге қалдыруға болмайтын, шұғыл қаралуы керек болса кеңес президенттің талап етуі бойынша өтінішке он күнде жауап қайтарады.

Конституция бойынша, кезекті президент сайлауы 2020 жылы желтоқсан айының алғашқы жексенбісінде өтеді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.