arasha.kz

Назарбаев қоры Алматыдағы ғимаратын Тоқаевқа берді

Назарбаев Қоры Алматыдағы ғимаратын Президент іс басқармасына сыйға тартты, деп жазды ҚазТАГ.

«2023 жылдың мамыр айында Алматыдағы Ганди көшесі 10 мекен-жайында орналасқан әкімшілік ғимараты мемлекет меншігіне өтеусіз өтіп, ПІБ балансына қосылды», – деп жауап берді Президент Іс басқармасы редакцияның сауалына.

Сондай-ақ Алматыдағы президент резиденциясы бұзылғаннан кейін Президент Әкімшілігі өкілдігі мен ПІБ қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшіп үлгергені айтылған. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысқа арналған кеңсесі бар.

«Қазір Алматыда президент резиденциясының жаңа ғимаратын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ», – деп хабарлады ПІБ.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жұмыс кездесулерін Назарбаев Қорының ғимаратында өткізе бастаған болатын.

Exit mobile version