экс-президент, елбасы, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев Түркістан облысына сапарлап, облыс орталығындағы құрылыстардың барысымен танысты. Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
Түркістан – түркі әлемінің алтын бесігі. Былтыр бұл шаһарға жаңа мәртебе берілді. Түркістан қаласы мен осы өңірдің дамуы қашанда Елбасының жіті назарында. Н.Назарбаев бүгін және ертең еліміздің рухани астанасында қарқын алған құрылыс жұмыстарымен танысуды жоспарлап отыр. pic.twitter.com/rNXw21xRdG
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) November 4, 2019