Қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, елбасы Н.Назарбаев президент Тоқаевтың және үкімет пен парламенттің жұмысына баға берді.
«Президенттік өкілеттігімді тоқтатқалы бірнеше ай өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкімет және ел Парламенті үйлесімді әрі біріңғай жүйеде жұмыс істеуде. Қазір біз саяси және экономикалық салалардағы ортақ мәселелерді шешуді көздеп отырмыз», – деді Назарбаев Тұңғыш Президент – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдау кезінде.
Қабылдауда Исекешев қордың қазіргі жұмысы, сондай-ақ әлеуметтік және білім саласындағы түрлі іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы айтып, талантты жастарды қолдауға бағытталған «Ел Үміті» жобасы және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қамқорлық» жобасы сияқты жаңа бастамаларды таныстырған.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024