19 ақпанда қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев пен премьер-министр Асқар Маминді қабылдаған.
Досаевпен экс-президентпен кездесуде «бес әлеуметтік бастама» аясындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтып, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру мәселесін қозғаған.
Ал Мамин Назарбаевқа елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тікелей шетелдік инвестиция тарту жөнінде баяндап берген.