08-12-20 |
1190 рет қаралған
Назарбаевтың атындағы мемлекеттік сыйлық екі адамға берілді.
Назарбаевтың атындағы мемлекеттік сыйлық екі адамға берілді

Президент Қ.Тоқаевтың жарлығымен 2020 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің –Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы екі адамға берілді.

медицина саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Төрегелді Шарманұлы Шармановқа және білім және ғылым саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді  нығайтуға қосқан  ерекше үлесі үшін Шигео Катсуға берілді.

Жарлыққа 8 желтоқсанда шықты.

Анықтама

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің –Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы  туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілде N 222-II Заңы бар. Осы заңда: «»Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Отан алдында сіңірген ерекше еңбегін атап өту құрметіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы (бұдан әрі – Мемлекеттік сыйлық) тағайындалады» делінген.

Заң бойынша сыйлық:

«Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге:

демократия мен әлеуметтік прогресті дамытқаны үшін;

бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді, мемлекетаралық қатынастарда теңдік пен бірдей қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді қызметі үшін;

қоғамдық, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді орнықтыруға, Республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін;

Қазақстанның ұлттары мен ұлыстарының мәдениеті мен тарихи дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыратын терең ойлы публицистикалық шығармалары үшін береді».

Мемлекеттік сыйлыққа ие болған адамдарға «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, омырауға тағатын белгі, куәлік және ақшалай сыйақы тапсырылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.