arasha.kz

Назарбев пен Мамин экономиканың қалай дамып жатқан талқылады

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаев премьер-министр Асқар Маминмен кездескен.

Елбасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, екеуі экономиканың қалай дамып жатқанын сөз еткен.

Мамин Назарбаевқа жыл басынан бері машина жасау, құрылыс, тау-кен өндірісі, өңдеу салаларында өсім болғанын баяндаған. Өз кезегінде Назарбаев Қазақстан талай қиындықтан өткенін, бұл қиындықты да еңсеретінін айта келіп, қазіргі дағдарысты әлем қатты сезініп отырғанын айтқан.

«Дегенмен біздің бұрын қабылдаған шешімдеріміз дағдарыстың экономикаға әсерін жұмсартты. Басқа елдермен салыстырғанда, біздің экономиканың төмендеуі үш есе аз» деді Назарбаев.

Exit mobile version